2024 жылдың 21 мамыр күні Ақтау қаласы, IT мектеп – лицейінде облыс педагогтерінің қатысуымен экологиялық білім берудегі шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Ақтау қаласы, IT мектеп – лицейінің география пәні мұғалімі Ж.Миняжева «География сабағында экологиялық білімді ойын арқылы дамыту»; Ақтау қаласы, №30 жалпы білім беретін мектебінің биология пәні мұғалімі Н.Кожахметова «Оқушы бойында экологиялық мәдениет пен сауаттылықты қалыптастыру жолдары»; Қарақия ауданы, №11 жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі А.Сүлейменова «Мектеп қабырғасында агрономиканың жаңашыл саласы гидропониканы дамыту»; Түпқараған ауданы, Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп – лицейінің география пәні мұғалімі Ж.Қызықбайқызы «EGOGN» балалар ұйымының жұмысы»; Мұнайлы ауданы, №6 жалпы білім беретін мектебінің география пәні мұғалімі С.Каракулов «Экологиялық сағатты эстетикалық пәндермен интиграциялау» тақырыптарында шеберлік сағаттарын өткізді.
Шеберлік сағаттарының соңында қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салып, іс – тәжірибелерімен бөлісіп, мұғалімдердің облыстық экошеберлік сағаттары байқауын, экология туралы бейнеролик, мультфильмдер конкурсын, Маңғыстау экологиясы туралы олимпиадалық сұрақтар жинағын құрастыру туралы ұсыныс білдірді. Мұнайлы ауданы мұғалімдерінің арасында экологиялық бағытта шараларды ұйымдастыру, оларға әдістемелік көмек беру жұмысын тиісті деңгейде ұйымдастырғаны үшін Мұнайлы аудандық білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» мекемесінің әдіскері Л.Хаирмухамедоваға алғыс білдірді.
Шара соңында жас ұрпаққа экологиялық білім берудегі ізденістері мен кәсіби біліктілігі үшін спикерлерге Білім басқармасының «Алғысы» табысталды.
