Ағымдағы жылдың 23-24 сәуір күндері Ақтау қаласы, №33 жалпы білім беретін мектебі және «Маңғыстау туризм колледжі» базасында балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, білім алушылар арасында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының облыстық слеті өткізілді.
Слетке 12-15 жас аралығындағы 63 білім алушы қатысты.
Қазылар алқасының шешімімен:
«Менің кіші Отаным» номинациясы бойынша:
I орын – Бейнеу ауданы, Опорный жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Нұраханова Медина;
II орын – Түпқараған ауданы, А.М.Горький атындағы мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Нұрланқызы Зере;
II орын – Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Бисенбек Мира;
III орын – Қарақия ауданы, №4 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Дүбрай Ақниет;
III орын – Жаңаөзен қаласы, №24 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы, Ануар Анель.
«Туристік маршруттар» номинациясы бойынша:
I орын – Жаңаөзен қаласы, №11 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Сағынбаева Райана;
II орын – Түпқараған ауданы, А.М.Горький атындағы мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Алмасұлы Ернар;
II орын – Мұнайла ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Нұрлы Фариза;
III орын – Ақтау қаласы, Т.Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Төлеген Ардақ;
III орын – Қарақия ауданы, №4 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Тасмұхан Сабина.
«Туристік әндер» номинациясы бойынша:
I орын – Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының 9-сынып оқушысы Талғат Алихан;
II орын – Маңғыстау ауданы, Ә.Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Жеңіс Таңшолпан;
II орын – Ақтау қаласы, Т.Айбергенұлы атындағы№19 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Айдарбек Жасұлан;
III орын – Түпқараған ауданы, жалпы білім беретін Шахта мектебінің 6-сынып оқушысы, Әділет Жанбота;
III орын – Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Али Жансұлу.
«Жартасқа шығу» номинациясы бойынша (қыздар арасында):
I орын – Ақтау қаласы, №13 гимназияның 9-сынып оқушысы Маршал Мадина;
II орын – Маңғыстау ауданы, Н.Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Бекмұрат Саяна;
II орын – Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Ерген Ұлдана;
III орын – Қарақия ауданы, №4 жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Дүрдіхан Інжу;
III орын – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Қойшыбай Жаннұр.
«Жартасқа шығу» номинациясы бойынша (ұлдар арасында):
I орын – Маңғыстау ауданы, Н.Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Төребек Рауан;
II орын – Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Бакилов Жанболат;
III орын – Ақтау қаласы, №13 гимназияның 8-сынып оқушысы Абиш Ахмад;
III орын – Жаңаөзен қаласы, №18 жапы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Жаңбырбай Аллаберген.
«Туристік кедергілер жолағы» номинациясы бойынша:
I орын – Түпқараған ауданы, А.М.Горький атындағы мектеп-лицейінің «Көк бөрі» тобы;
II орын – Ақтау қаласы, №13 гимназияның «Тұран» тобы;
II орын –Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясының «Биіктік» тобы;
III орын – Бейнеу ауданы, Опорный жалпы білім беретін мектебінің «Отпан» тобы;
III орын – Жаңаөзен қаласы, №18 жалпы білім беретін мектебінің «Азимут» тобы.
Жүлдегерлерге орталықтың дипломдары мен ақшалай сыйлық табысталып, жоғарыда аталған бірінші орын иегерлері қыркүйек айында Ақмола облысында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.







