Орталық жаңалықтары

Білім беру ұйымдары арасында «Үздік жылыжай-2023» облыстық байқауы

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Жасыл мектебім-жасыл мекенім» жобасы аясында білім беру ұйымдары жанынан ашылған жылыжайлардың жұмысын жандандыру, экологиялық білім беру және тәлім-тәрбиенің сапасын арттыру мақсатында 23 мамыр күні Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінде облыстық «Үздік жылыжай-2023» байқауы өткізілді. Байқауға білім беру ұйымдарынан 14 жылыжай жетекшілері қатысты. 

Қатысушылар байқау ережесіне сәйкес, ең алдымен мектеп жылыжайлары туралы мәліметін, жылыжайда өсірілетін көкөністерді, оқу кабинеттері мен мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарының  презентацияларын көрсетсе, келесі бөлімде білім алушылармен өткізілген жылыжайдағы тәжірибелік сабақтар мен жұмыстардың бейнероликтерін ұсынды. Бейнероликте жылыжайдағы өндірістік, тәжірибелік-зерттеу жұмыстарына, өсімдіктерді өсіру ерекшеліктеріне мән берілді. Сонымен қатар, жылыжай өнімдерін пайдалану, өнімдерді тапсыру, қабылдау сәттері, сатылған өнімдер қаражатының жұмсалуы туралы фотоальбом жұмыстары қаралып, байқау барысында арнайы сұрақтардан жасақталған практикалық жұмыстар орындалды. 

Қазылар алқасы төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жылыжайлары арасында:

І орын – Бейнеу ауданы, «Боранқұл бөбекжайы»;

ІІ орын – Бейнеу ауданы, «Бейнеу бөбекжайы»;

ІІ орын – Мұнайлы ауданы, «Бәйтерек балабақшасы»;

IІІ орын – Бейнеу ауданы, «Үстірт бөбекжайы»;

IІІ орын – Ақтау қаласы, «№22 Алтын бесік бөбекжай»;

Жалпы және техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының жылыжайлары арасында:

І орын – Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебі

ІІ орын – Ақтау қаласы,  №13 мектеп гимназиясы

ІІ орын – Түпқараған ауданы, «Ақшұқыр мектеп лицейі»

IІІ орын – Жаңаөзен қаласы, №22 жалпы білім беретін мектебі

IІІ орын – Маңғыстау ауданы, №7 мектеп лицейі

IV орын – Қарақия ауданы, №5 жалпы білім беретін мектебі

IV орын – Бейнеу ауданы, Сам жалпы білім беретін мектебі

Барлық жеңімпаз білім беру ұйымдарын құттықтаймыз!

 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=