Орталық жаңалықтары

Білім беру ұйымдарының музей жетекшілері арасында «Үздік мектеп музейі» облыстық байқауы

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім беру және тәрбие ортасы ретінде мектеп музейі қызметін жандандыру мақсатында 18 мамыр күні Ақтау қаласы, М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде облыстық «Үздік мектеп музейі» байқауы өткізілді.                    

Байқауға жалпы білім беру ұйымдарынан 5  музей жетекшісі қатысты.

Қатысушылар байқау ережесіне сәйкес, «Музей – тарихи сананы дамыту құралы» ғылыми жобасында музейдегі танымал тұлғалар және оның жергілікті өлкемен байланысы туралы баяндаса, «Музей – экскурсиялық аймақ» номинациясында рольдік ойындар, диалог т.б. жаңа инновациялық әдіс–тәсілдерді пайдалану арқылы оқушыларға арналған жалпы немесе тақырыптық экскурсиялар туралы бейнероликтерін көрсетті.

«Мектеп музейі – мектеп айнасы» портфолиосында қатысушылар музей құжаттарын слайд түрінде ұсынып, «Музей нұсқаулығы» номинациясында музейдегі уақытша немесе тұрақты жиналған жәдігерлердің сипаттамалық жүйелі тізімін цифрлық бағдарламаларды пайдалана отырып анықтамалық жасақтады.

Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:

І орын – Түпқараған ауданы, Ғ. Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің музей жетекшісі Наушабай Балсұлу;

ІІ орын – Маңғыстау ауданы, А. Өтепбергенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің музей жетекшісі Қойшыбаева Мөлдір және Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің музей жетекшісі Жұмабаев Ислам;

IІІ орын – Жаңаөзен қаласы, С. Бегендікұлы атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің музей жетекшісі Олджаева Сандуғаш және Ақтау қаласы, С. Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының музей жетекшісі Тілекбаева Айнұр.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

title=title=title=title=title=title=