Орталық жаңалықтары

Оқу демалысы кезінде аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балалары мен дарынды оқушыларына арналған Маңғыстау облысының мәдени-тарихи орындарына саяхат

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында  оқу демалысы кезінде аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балалары мен дарынды оқушыларына арналған 1-31 шілде күндері аралығында облыстың  мәдени-тарихи орындарына экскурсия ұйымдастырылуда.

1-2 шілде күндері облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының мамандары Түпқараған ауданының 35 білім алушысына қаланың көрікті жерлеріне арналған «Ақтау – Каспий маржаны» маршруты бойынша экскурсия өткізді.

Бағдарламаға сәйкес балалар экскурсия барысында Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейіне, 15 шағын аудан теңіз жағалауындағы «Амфитеатрға», 4 шағын аудандағы «Жартасты соқпаққа» және Каспий теңізіне катерлі круизге, Caspian Riviera Grand Palace қонақ үйінің «Аквариус» залына, сонымен қатар 9 шағын аудандағы «Мәңгілік алауға» апарылды. 

 

title=title=title=