Мектеп музейлеріндегі «Абайтану» экспозициясын таныстыру бойынша экскурсоводтар байқауы
Білім басқармасының 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 24 маусым күні қазақтың ұлы ақыны Абай мұрасын кеңінен насихаттау, дарынды жас экскурсоводтарды анықтау, ақын шығармашылығының ғылыми тұрғыдан талдануына қолдау көрсету, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектеп музейлеріндегі «Абайтану» экспозициясын таныстыру бойынша экскурсоводтар байқауы қашықтықтан өткізілді.
Шара Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Байқауға жалпы орта білім беру ұйымдарының 14-16 жас аралығындағы білім алушылары қатысты.
Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар «Абайтану» экспозициясын таныстыру» және «Экскурсоводтың жеке шығармашылығы» номинациялары бойынша бейнероликтерін жолдап, барлығы 8 жұмыс қаралды.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
1. «Абайтану» экспозициясын таныстыру презентациясы бойынша:
І орын жеңімпазы – Мұнайлы ауданы, Ш.Мұңалұлы атындағы №5 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жақсылық Бекзат;
ІІ орын жеңімпазы – Ақтау қаласы, №13 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Сандыбаев Айбын;
ІІІ орын жеңімпазы – Қарақия ауданы, №1 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Амангелді Рыскүл;
ІV орын жеңімпазы – Түпқараған ауданы, Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Дүйсен Нұрбек.
2. «Экскурсоводтың жеке шығармашылығы» номинациясы бойынша:
ІІ орын жеңімпаздары – Ақтау қаласы, №13 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Кенжегулова Жадыра және Маңғыстау ауданы, Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Шақырған Айша;
ІІІ орын жеңімпазы – Түпқараған ауданы, Ж.Мыңбаев мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Ғазизқызы Аэлита.