Орталық ағымдағы жылдың 22 қазан күні Білім басқармасының «Жасыл мектебім-жасыл мекенім» жобасына сәйкес ашылған мектеп жылыжайларының жұмысын жақсарту мақсатында «Жылыжай-2019» облыстық байқауынын ұйымдастырды. Байқауға аудан/қалалардан келген қатысушыларымыз ережеге сай өз жұмыстарын қорғап шықты. Жылыжайтанушыларымызға төрешілеріміз сайысты қорытындылай келе әділ бағаларын беріп, жеңімпаздарымызды білім басқармасы дипломдарымен марапаттады.


