Skip to content

Директор блогы

Темірланова Аяжан Темірланқызы

Жалпы ақпарат

1993 жылы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданынында дүниеге келген.
Білімі:
2011-2015 жылдары Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің шет тілі: екі шетел тілі мамандығын бітірген.
Еңбек өтілі:
– 2015-2016 жылдар аралығында ЖШС Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің ағылшын тілі мұғалім;
– 2016-2017 жылдар аралығында Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығында әдіскер;
– 2017-2018 жылдар аралығында Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризімінің орталығында бөлім жетекші;
– 2018-2022 жылдар аралығында Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризімінің орталығында директордың міндетін атқарушы;
– 2022-2024 жылдар аралығында Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризімінің орталығында директор;
– 2025 жылы Маңғыстау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасында бас маманы қызметтерін атқарған.
Біліктілік арттыру курсы:
– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Роботехника негіздері» (31.07-12.08.2017ж.) тақырыбында білімін арттырды (72 сағаттық сертификат №0182476);
– Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында «Білім беру ұйымдарында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту» тақырыбында (80 сағаттық, сертификат №1684) Тараз қаласында өз біліктілігін арттырды (2018 жыл);
– Республикалық оқыту және біліктілікті арттыру орталығы «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» курсы бойынша оқу бағдарламасынан өтті (№001296, 04.08.2020 жыл).
Біліктілік санаты:
– Екінші санатты басшының орынбасары, (Маңғыстау облыстық білім басқармасы, 2020жыл);
– ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы «Ең алдымен адамдар: «е-Өтініш» азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу: ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің практикалық аспектілері» тақырыбы бойынша семинар бағдарламасының 16 академиялық сағат көлемінде аяқтады (№MNGF00124, 06-07.06.2022 жыл).
Марапаттары:
– ҚР Білім және ғылым вице-министрінің Сертификаты (18-19.11.2016 жыл);
– ҚР Білім беру және спорттық робототехника «КазРоботикс» Федерациясы» РҚБ Сертификаты (2017 жыл);
– Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы міндетін атқарушысының «Алғысы» (2018 жыл);
– ҚР БҒМ «РҚББОӘО» РМҚК директорының алғыс хаты (қыркүйек 2018 жыл);
– ҚР БҒМ «РҚББОӘО» РМҚК директорының алғыс хаты (қараша 2018 жыл);
– ҚР БҒМ «Көп жылғы еңбегі және балаларға қосымша білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін» Алғысы (09.08.2019 жыл);
– «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Сертификаты (Орал қаласы, 11-12.11.2019 жыл);
– 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай экологиялық білім берудегі қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Құрмет грамотасы (№01-04/47, 03.06.2021 жыл);
– Маңғыстау облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы (№23594, 2021 жыл);
– Маңғыстау облысының білім басқармасының Алғысы (№25896, 2022 жыл);
– ҚР ОАМ Балалардың құқығын қорғау комитетінің Алғыс хаты (2022 жыл).