Маңғыстау облысының білім басқармасының “Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі №164 қаулысымен бекітілген, жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады. Білім беру ұйымдарындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі-балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мен патриоттық, экологиялық тәрбие берудегі таптырмас құрал. Туризм-табиғатқа, өлкенің тарихи мәдени орындарынасаяхат жасау, өңірдегі туризм орталықтарында демалу, сол аумақтағы табиғи және мәдени-тарихи нысандар туралы мағлұмат, түсініктер алу деген сөз. Міндеттері: — қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, білім алушылармен тәрбиеленушілерге туған жер, елдің тарихы, жәдігерлер туралы білімдік-танымдық туризм сабақтарын үйлестіру, өткізу және ұйымдастыру; – оқу демалысы кезінде жергілікті жерлерде және облыстан тыс өңірлерде балалардың туристік лагерлерін, танымдық саяхаттарын ұйымдастыру; – білім беру ұйымдарында туризм саласын дамыту мақсатында педагогикалық қызметкерлермен, қосымша білім педагогтарымен семинарлар, дөңгелек үстел, т.б. өткізу;