15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне арналған «Менің отбасым»
облыстық интернет-байқауы
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай, ағымдағы жылдың 13-17 мамыр күндері ұлттық және отбасылық дәстүрлерді сақтау арқылы жастарды рухани – адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Менің отбасым» интернет-байқауы қашықтықтан өткізілді.
Байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 29 білім алушылары қатысты.
Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар «Отбасы жалғаушы жіп», «Өмірдің күші отбасыда» номинациялары бойынша бейнероликтерін инстаграм желісінде @ocdt_01_2019 және #меніңотбасым хэштегін белгілеу арқылы жолдап, барлығы 29 жұмыс қаралды.
Қазылар алқасы ереже талаптарын сақтай отырып, қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей грамоталарға ҰСЫНДЫ:
«Көрермен көзайымы» – Шамшадин Ақбөбек,Маңғыстау ауданы, Жармыш жалпы білім беретін мектебінің 7а сынып оқушысы;
«Өнегелі отбасы» – Демеген Ақырыс, Маңғыстау ауданы, Н.Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 а сынып оқушысы;
«Шежіре көнермейтін құндылық» – Абылқызы Әсем, Түпқараған ауданы, жалпы білім беретін Шахта орта мектебінің 7б сынып оқушысы.