2021 жылдың 28 қазан күні Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, жастардың туристік-спорттық дайындығын дамыту және туристік көпсайысты насихаттау мақсатында, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернатында «Жас өлкетанушылар» облыстық туристік слетінің 1-ші кезеңі «Көңілді туристер», «Тапқыр гид», «Шынықсаң шымыр боларсың» номинациялары бойынша өткізілуде.
Облыстық туристік слетке барлық аудандық/қалалық білім беру ұйымдарының 80 білім алушылары қатысуда. Қатысушыларға сәттілік!
