2025 жылдың 6 наурыз күні Ақтау қаласы, Маңғыстау туризм колледжі базасында Түпқараған ауданы, М.Горький атындағы мектеп-лицейі және Жалпы білім беретін Шахта мектебінің 15 оқушысы мен 5 дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне орталық мамандарымен әдістемелік көмек көрсетілді.
Әдістемелік көмек барысында қатысушыларға жасанды жартасқа шығу және қауіпсіздік техникасы, қажетті құрал-жабдықтар, сақтандырушылардың өзін-өзі ұстау ережелері таныстырылды. Осындай шараларды өткізу алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
