Skip to content

22.05.19ж күні республикалық “Әбіш оқулары ” байқауының қорытынды жұмысы бойынша,…

22.05.19ж күні республикалық "Әбіш оқулары " байқауының қорытынды жұмысы бойынша, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы экскурсиялық саяхат ұйымдастырды. Орталық гидтері келген қатысушы оқушылар мен қонақтарға жол бойында өңіріміздің тарихи орындары жайлы ақпараттар айтты. «Отпан тарихи-мәдени кешеніндегі» мемориалдық музейіне барып, музей экскурсоводы музей ішін және Адай Ата кесенесімен және «Отпан тау» тарихын кеңінен таныстырды.
Қатысушылар Ә.Кекілбаевтың туған өлкесі Онды ауылына саяхаттады. Ауыл әкімдігі саяхатшыларды жоғарғы деңгейде Ай-Ана мүсінінің жанында күтіп алды және Ә.Кекілбаевтың мектеп музейімен таныстырды. Кешке қонақтарымызға сәт-сапар тілеп, Шетпе станциясынан шығарып салдық.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *