Skip to content

«Ақтау-Семей» экскурсиясының ақпараты

30 шілде – 08 тамыз күндері аралығында ұлы ақын, ұлт мақтанышы Абай Құнанбайұлының 185 жылдығына орай, Шығыс Қазақстан облысының орталығы Семей қаласының тарихи-мәдени ескерткіштерімен, көрікті жерлерімен, терең тарихымен танысу мақсатында білім алушыларға арналған 3 күндік экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында, балалар алдымен Абай әлеміне, музейі мен кітапханасында болып, ұлы ақынның өмірімен шығармашылығымен танысты.
Семей қаласындағы Жидебай мен Бөрілі музей қорығында болып, Ертіс өзенінінің жағасында, көпір астында серуендеді. Зоопаркпен ботаникалық бақта демалды. Картингпен квестке қатысып, қызықты тапсырмаларды орындады.
«Раббит» сауда орталығы мен Экзотариумда ерекше жануарларды көріп, көңілді уақыт өткізді.
Семей – тарихы терең, табиғаты көркем қала. Экскурсия балаларға ұмытылмас әсер қалдырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *