#4ТОҚСАН#ТУҒАНӨЛКЕМ# ХХVІ республикалық «Еуропа—Азия» туристік фестивалінің облыстық кезеңі өткізілуде
2023 жылдың 13 – 14 сәуір күндері облыстық білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Еуропа – Азия» облыстық туристік фестивалі Түпқараған ауданы, Таушық ауылында өткізілуде. Фестивальге қатысушылардың саны – 8 командадан 48 педагогты құрайды.Фестивальдің мақсаты – педагогтердің туристік және кәсіптік шеберліктерін шыңдау, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, туристік-өлкетану бағыты бойынша озық тәжірибе тарату, салауатты өмір салтын насихаттау.Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар фестивальдің алғашқы күні – «Менің кіші Отаным» туристік жорықтарының бейнероликтері, «Балалар туризмі туралы бір үзік сыр» бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған туристік мақалалары, «Туризмнен онлайн сабақ», «Туристік тұрмыс және дағды», «Бард әндері» номинациялары бойынша сынға түсуде. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!