#4ТОҚСАН#ТУҒАНӨЛКЕМ#
«Менің Отаным – Қазақстан»
туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слеті
3-4 мамыр күндері Ақтау қаласы, Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық және Маңғыстау туризм колледждерінің базаларында балалар мен жастардың азаматтылық пен Отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, білім алушылар арасында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының облыстық слеті өткізілді.
Слетке 12-17 жас аралығындағы 63 білім алушы қатысты.
Қатысушылар слет бағдарламасына сәйкес, «Жас өлкетанушы» номинациясының «Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен мәдениет» бағыты бойынша туған өлке мәдениеті, әдебиеті, өнері, халық шығармашылығы, тарихи, археологиялық және этнографиялық ескерткіштерді зерттеуге және қорғауға, республикада тұратын халықтардың салт-дәстүрлері, мектеп мұражайларын ашу, тұрмыстық заттар, әдебиет, музыка, театр, кино, бейнелеу өнері қайраткерлерімен кездесулер туралы; «Туризм, спорт, денсаулық, демалыс» бағытында далалық және санаттық жорықтарға, бір күндік және көп күндік саяхаттар мен экспедицияларға, туристік слеттерге, жорықтарға қатысу туралы іздеу-зерттеу жобаларын ұсынды. «Туристік әндер» номинациясы бойынша гитара, домбыра аспаптарының сүйемелдеуімен әсем ән шырқады.
Слеттің тәжірибелік кезеңі «Ақбота» мәдениет және демалыс саябағында ұйымдастырылып, «Жартасқа шығу», «Туристік кедергілер жолағы» номинациялары бойынша қатысушылар «жылдамдық» және «қиындық» түрлерінен жасанды жартасқа шығып, аспалы өткел, параллель таяныштар, маятник туристік кедергілерінен өтті.
Аталған номинациялар бойынша 45 оқушы жеңімпаз атанып, оның ішінде 9 білім алушы қыркүйек айында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.