#4ТОҚСАН#ТУҒАНӨЛКЕМ# «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы
Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 26-27 сәуір күндері «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы Ақтау қаласы, «Балдәурен» базасында өткізілуде. Форумға аудандық/қалалық кезеңдер бойынша жеңімпаз атанған 63 оқушы қатысуда. Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында «Zhasyl El» зерттеу жобалары, «Экотеатр» шағын спектакльдері, «Туған өлкенің бояулары», «GREEN OASES» ландшафттар номинациялары бойынша ұйымдастырылуда.