Skip to content

Білім басқармасьның іс-шаралар жоспарына сәйкес 12 қараша күні жастар арасында…

Білім басқармасьның іс-шаралар жоспарына сәйкес 12 қараша күні жастар арасында туристік-спорттық білімдерін дамыту, білім алушылармен туристік-өлкетану жұмысының дәстүрлі формаларын сақтау және жетілдіру, инновациялық формалары мен әдістерін дәріптеу мақсатында білім алушылар арасында «Жас турист» облыстық туристік слеті өткізілді. Облыстық туристтік слетке аудан/қаладан 48 білім алушы қатысты.
Туристік слеттің ережесіне сәйкес «Таныстыру», «Туристік әндер», «Лабиринт», «Біріктірілген туризм» номинациялары бойынша қатысушылар өздерінің ептілігін, батылдығын жене командамен жұмыс істей алатындығын көрсететін түрлі сынақтардан өтті.
Байқаудың қорытындысы бойынша:
I орын – Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі “Бүркіт” тобы;
II орын – Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі “Ақкетік” тобы;
II орын – Маңғыстау туризм колледжі “Қаракөл сақшылары” тобы;
III орын -Каспий өңірі «Болашақ» колледжі “Болашақ” тобы;
III орын – Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі “Самғау” тобы;
III орын – Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі “Азимут” тобына ақшалай сыйлықтар мен марапат табысталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *