Экологиялық тәрбие беру жұмыстарын жетілдіру, өскелең ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға даярлау, экологиялық білім беруді насихаттаудың белсенділігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 23 қазан мен 1 қараша күндері аралығында 11 білім беру мекемелері қатысқан «Табиғатпен үндес білім ұйымы» облыстық байқауының қорытындысымен берілген білім басқармасының 30 қазан 2024 ж №169 бұйрығына сәйкес:
1. «Жасыл балабақша» номинациясы бойынша:
I орынды Бейнеу ауданы, «Бейнеу» бөбекжайы;
III орынды Ақтау қаласы, «Айшуақ» санаториялық бөбекжайы
III орынды Бейнеу ауданы, «Болашақ» бөбекжайы;
2. «Жасыл мектеп» номинациясы бойынша:
I орынды Ақтау қаласы, Т. Әшімбаев атындағы №11 лицейі;
II орынды Маңғыстау ауданы, Н. Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі иеленді. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
