Педагог отбасылар арасындағы «Туризм – салауатты өмір салты» облыстық жарысы
Ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні ата-аналар мен балаларды туризм саласы арқылы қоршаған ортамен байланыстыру, спорттық шеберліктерін арттыру, туристік білім дағдыларын игертіп, отансүйгіштікке тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында педагог отбасылар арасында «Туризм – салауатты өмір салты» облыстық жарысы өткізілді.
Жарыс ережесіне сәйкес қатысушылар «Таныстыру», «Өнерлі отбасы», «Ғажайып саяхат», «Туризм және біз», «Бірлігіміз жарасқан» кезеңдерінен сайысқа түсті.
Қазылар алқасының шешімімен Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы ауданының қатысушылары білім басқармасының дипломымен марапатталып, қаржылай сыйлық табысталды.