Білім басқармасының іс – шаралар жоспарына сәйкес, білім алушылардың жазғы демалысын, бос уақытын тиімді пайдалану және танымдық білімдерін дамыту мақсатында 2024 жылдың 17 – 24 маусым күндері аралығында аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен дарынды оқушыларға қолдау көрсету, экологиялық және туристік – өлкетану бағытындағы республикалық, облыстық шаралардың жеңімпаздарына (45 оқушы) тарихымыздың алтын діңгегі атанған Тараз қаласына 3 күндік танымдық эксурсиялық тур ұйымдастырылды.
Экскурсия кезінде білім алушылар тарихы тасқа, шежіресі құмға сіңген киелі өлкеде ежелгі дәуірлерден, орта ғасырлардан жеткен қасиетті тарихи-мәдени мұралар сақталған Жамбыл облыстық өлкетану музейіне, ежелгі Тараз қалашығына, көне Тараз шахарының Шахристан әлеміне, археологиялық паркіне, сонымен қатар ортағасырлық сәулет өнерінің інжу-маржаны Айша бибі, Бабаджа хатун кесенелеріне зиярат жасап, тарихымен танысты.
Білім алушылар «Зербұлақ» аквапаркінде бассейнге шомылып, «Март» СО кинотеатры, ойын – сауық орталығында көңіл көтеріп, Т.Рысқұлов атындағы аттракциондарда болды.
«Ақтау-Тараз» бағытында ұйымдастырылған 3 күндік танымдық экскурсия барысында ең бастысы оқушылар жаңа ортамен танысып, достар тауып, керемет көңіл-күйде ата-аналарымен қауышып, өздерінің жүрек жарды лебіздерін арнады.
