🍀Құрметті әріптестер!
Сіздерді Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнімен, ал барша экологтарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!
🍀Біздің елімізде табиғатты ұтымды пайдалану және экологиялық ахуалды жақсарту мәселелерін шешуге бағытталған міндеттер әрқашан алдыңғы қатарға қойылады. Біздің өмір сүру сапамыз осыған тәуелді.
🍀Эколог мамандардың, табиғатты қорғау ұйымдарының, волонтерлердің үйлесімді жұмысының арқасында экология саласында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді.
🍀Еңбектеріңіз үшін, қоршаған ортаны сақтауға және жақсартуға деген адал талпыныстарыңыз үшін баршаңызға үлкен рахмет!
🍀Бүгінгі мереке күні сіздерге кәсіби жетістіктер, жаңа шыңдарды бағындыруда сәттілік пен күш-қайрат тілеймін!
