Skip to content

Қадірменді жас достарым! Сіздерді жадыраған жаздың ең шуақты мерекесі -…

Қадірменді жас достарым!

Сіздерді жадыраған жаздың ең шуақты мерекесі – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын!

Бүгінде елімізде 6,8 миллион бала бар. Оның 3,8 миллион — оқушылар. Бұл жай ғана статистикалық деректер емес, бұл санның артында еліміздің шын мәнінде орасан зор әлеуеті жатыр.

Балаларымыздың жан-жақты дамуы мен табысты тұлға болып қалыптасуына жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді.

Биыл еліміздің «Бала құқықтары туралы» халықаралық Конвенцияға қол қойылғанына 30 жыл толады. Осы уақыт ішінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы барлық негізгі халықаралық-құқықтық құжаттар ратификацияланды. Балалардың әл-ауқатының индексі әзірленіп, енгізілді. Балалардың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқықтары қамтамасыз етілуде. Балаларымыздың әл-ауқаты еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының іргетасы.

Сіздерге зор денсаулық, мол табыс және Жаздық каникулдағы демалыстарыңыз қауіпсіз, мазмұнды да қызыққа толы болуын тілеймін. Бүгінгі мереке күні құтты болсын!

🔹🔹🔹

Дорогие дети!

Поздравляю вас с самым искренним, теплым и радостным праздником – Международным днем защиты детей!

Сегодня в Казахстане проживают 6,8 миллионов детей, из них 3,8 миллионов — школьники. Это не просто статистические данные, за этой цифрой поистине колоссальный потенциал нашей страны.

Создание благоприятных условий для всестороннего развития наших детей остается приоритетом государственной политики.

Этот год для Казахстана ознаменован 30-летием со дня подписания Конвенции о правах ребенка. За это время ратифицированы все основные международно-правовые документы в области охраны прав детей. Разработан и внедрен Индекс благополучия детей. Обеспечиваются права детей жить и воспитываться в семьях. Благополучие наших детей — основа стабильного развития и светлого будущего нашей страны.

Желаю вам крепкого здоровья, успехов, безопасных, содержательных и веселых летних каникул! С Днем защиты детей!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *