Skip to content

Білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбиені дамыту жөніндегі 2023…

Білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбиені дамыту жөніндегі 2023 – 2029 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары аясында, қоршаған ортаның экологиялық-әлеуметтік маңыздылығын арттыру, экологиялық таза аумақты қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету мақсатында облыстың жалпы білім беру ұйымдары арасында 10 сәуір – 10 мамыр күндері аралығында жүргізілген «Birge – Taza Qazaqstan» экологиялық акциясының қорытынды кезеңі 17 мамыр күні қашықтықтан өткізілді. Акция аясында облыс бойынша 1458 ағаш түптері және 339 гүл көшеттері отырғызылып, 65 – ке жуық білім беру ұйымдарынан 6355 білім алушы қатысты.
Экологиялық акция барысында өлкенің «Көркембай ата», «Байқұл қажы», «Бекет ата» тарихи – мәдени орындарына, «Таза Лайк» ЖШС қалдықтарды қайта өңдеу орталығына, «Каспий» теңіз жағалауына, Бейнеу аудандық тарихи – музейіне, мектеп аулаларына тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Қазылар алқасының шешімімен акция жұмыстарын зерделей келе, білім беру ұйымдарын төмендегідей марапаттарға ұсынды:
II орын – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп – лицейі;
III орын – Жаңаөзен қаласы, №4 жалпы білім беретін мектебі;
III орын – Бейнеу ауданы, Манашы жалпы білім беретін мектебі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *