Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, ұлт сапасы мен мәдениетін арттыру бойынша берілген тапсырмасы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2024 жылдың 6-мамыр күні Маңғыстау облысы бойынша барлық білім беру ұйымдарында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында мектеп бітіруші 9,11-сынып оқушыларының «Түлектердің ағаш егу» челленджі ұйымдастырылды. Челленджге облыс бойынша 140 білім беру ұйымдарынан барлығы 12435 түлек қатысып, мектеп ауласына көктемгі тал егу, гүл көшеттерін отырғызу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 9-сыныптардан 8022 оқушы 3319 тал, 77 гүл көшеттерін отырғызса, 11-сыныптан 4413 оқушы 2227 тал, 43 гүл көшеттерін отырғызды. Барлық отырғызылған ағаш саны 5546, гүл көшеттері – 113.
