Skip to content

2024 жылдың 19 қаңтар күні «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің…

2024 жылдың 19 қаңтар күні «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы» МКҚК-де 2023 жылда атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру ұжымдық жиналысы өткізілді. Жиналысқа орталық қызметкерлері толық қатысты.Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. 2023 жылғы қаржы қозғалысы, игерілген қаражат туралы – орталық экономисті Р. Касымова2023 жылғы мекемедегі мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы жөнінде толық түсіндіріп, жыл аяғында бөлінген қаражаттың толық игерілгенін атап өтті.
​2) Кәсіподақтың жылдық жұмыс есебі бойынша – бастауыш кәсіподақ төрайымы А. Ерғалиева кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу, жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында келісімдер туғызу жұмыстарының жүргізілгендігін және аударылған жарналардың тиімді де жүйелі жұмсалғаны туралы есеп берді.
​3) Педагог этикасы бойынша – директордың орынбасары Ж. Нугиманова педагогикалық әдептің қағидаларын айта отырып, қағидаларға құрмет көрсетуге және этика нормалары мен ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
​Жиналыс соңында орталық директоры А. Темірланова қызметкерлерге педагог мәртебесіне лайық болуға, 2024 жылға жоспарланған іс-шараларды бірлесе өткізуге үндеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *