«Экоәлем» облыстық олимпиадасы
Білім басқармасының іс-қимыл жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні Ақтау қаласы, №8 жалпы білім беретін мектеп базасында білім алушылар арасында «Экоәлем» облыстық олимпиадасы екінші мәрте ұйымдастырылды.
Қоршаған ортаға саналы түрде қарауға, материалдық құндылықтарды қорғауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, экологиялық мәдениетке қол жеткізуге, рухани – зерделік жағынан дамыта тәрбиелеу мақсатында өткізілген байқауға аудан, қалалардың 8-10 сынып оқушыларынан 41 білім алушы қатысты.
Олимпиадада қатысушылар тест тапсырмаларын орындап, әр сыныпқа ұсынылған экологиялық тақырыптар бойынша эссе жазды. Сонымен қатар, «Кім жүйрік?» айналымында «Quizizz» қосымшасымен қойылған сұрақтар арқылы өз жылдамдықтарын көрсетті.