Skip to content

«Маңғыстаунама – 2023» облыстық танымдық байқауы Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына…

«Маңғыстаунама – 2023» облыстық танымдық байқауы

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 1 желтоқсан күні Мұнайлы ауданы, №14 жалпы білім беретін мектеп базасында жергілікті ұстаз, ғалым, зерттеуші Серікбол Қондыбайдың туғанына 55 жыл толуына орай, білім беру ұйымдарының педагогтері арасында ғалымның еңбектерін насихаттау, таныту мақсатында «Маңғыстаунама – 2023» облыстық танымдық байқауы өткізілді. Облыстық танымдық байқауға аудандық, қалалық жалпы білім беру ұйымдарынан 33 педагог қатысты. Қатысушылар ережеге сәйкес, «Десант сабақтар», «С. Қондыбай еңбектерінен этимологиялық сөздік», «С. Қондыбай еңбектерінен тақырыптық суреттер», «Маңғыстаудың тарихи орындарына виртуальды саяхат» номинациялары бойынша өз жұмыстарын қорғады. «Десант сабақ» номинациясының қатысушылары С.Қондыбайдың «Пері қыздары» тарауынан алынған тақырыптар бойынша 9-11 сыныптарға десант сабақтарын жүргізсе, «Этимологиялық сөздік» номинациясында ғалымның еңбектеріндегі өте сирек кездесетін, қолданыстан шығып қалған сөздердің, жер – су аттарының этимологиясы туралы жұмыстарын ұсынды.
«С.Қондыбай еңбектерінен тақырыптық суреттер» номинациясында қатысушылар карандашпен және майлы бояумен салынған суреттердің байқау барысында мазмұнын баяндады. Сонымен қатар, «Маңғыстаудың тарихи орындарына виртуальды саяхат» бейнеролик номинациясында қатысушылар ғалым еңбектеріндегі аңызға айналған жер – су аттарын негізге ала отырып, олардың бүгінгі жай – күйі туралы және аталған жерлерге саяхаттау мүмкіндігін көрсетті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *