Skip to content

Білім басқармасының іс – шаралар жоспарына сәйкес, 06.10.2023ж. № 137нқ…

Білім басқармасының іс – шаралар жоспарына сәйкес, 06.10.2023ж. № 137нқ бұйрығы негізінде Маңғыстау туризм колледжінің базасында 12 қазан күні педагогтердің туристік – спорттық дайындығын дамыту және туристік сайысты насихаттау, туристік – өлкетану жұмыстарының дәстүрлі, инновациялық формаларын мен әдістерін дәріптеу мақсатында «Climbing» облыстық туристік сайысы өткізілді.
Туристік сайысқа жалпы және бағынысты білім беру ұйымдарынан 7 топтан 28 педагог қатысты.
Сайыстың ​ережесіне сәйкес педагогтер «Жылдамдық»,«Альпинист»,«Траверс», «Жумаринг», «Түйін байлау» кезеңдері бойынша туристік – спорттық шеберліктерін шыңдады.
Қазылар алқасы туристік сайысқа қатысқан педагог топтарды төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
Жүлделі І орынға – Ақтау қаласы, №13 гимназиясының «Ақтау» тобы ;
Жүлделі IІ орынға – Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беретін мектебінің «Эверест» тобы;
Жүлделі IІ орынға – Қарақия ауданы №5 жалпы білім беретін мектебінің «Каспий» тобы;
Жүлделі ІII орынға – Жаңаөзен қаласы, №18 жалпы білім беретін мектебінің «Жалын» тобы;
Жүлделі ІII орынға – Бейнеу ауданы, «Боранқұл» жалпы білім беретін мектебінің «Желтау» тобы.
Жүлделі IIІ орынға – Маңғыстау ауданы, Н.Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Отпан» тобы иеленді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *