Халықаралық туризм күніне арналған білім қызметкерлері арасында «Европа-Азия» республикалық туристік фестивалі
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту Министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Халықаралық туризм күніне арналған білім қызметкерлері арасында «Европа-Азия» республикалық туристік фестивалі өткізілді.
Ережеге сәйкес қатысушылар «Менің кіші Отаным», «Спорттық лабиринт», «Фрироуп», Өткелдер», «Менің 5 минуттық сабағым», «Екі жұлдыз», «Дартс», «Футбол», «Асық ату» номинациялары бойынша сайысқа түсті.
Қазылар алқасының шешімімен қатысушылар төмендегідей марапаттарға ҰСЫНЫЛДЫ:
«Менің кіші Отаным» бейнеролик байқауы бойынша І орын – Маңғыстау облысы;
«Спорттық лабиринт» қашықтығынан «Б» тобы бойынша (М-ерлер) І орын –Кемелов Бекбол (Маңғыстау облысы);
«Спорттық лабиринт» қашықтығынан «Б» тобы бойынша (W-әйелдер) ІІ орын –Сағатова Алтынай (Маңғыстау облысы);
«Фрироуп» қашықтығы (W-әйелдер) бойынша. І орын – Сағатова Алтынай (Маңғыстау облысы);
«Өткелдер» қашықтығынан «Б» тобы бойынша ІІ орын – Маңғыстау облысы;
«Самый активный турист» номинациясы бойынша – Сағатова Алтынай (Маңғыстау облысы);
«Менің 5 минуттық сабағым» онлайн сабақ байқауы бойынша ІІ орын – Маңғыстау облысы;
«Екі жұлдыз» байқауы бойынша ІІІ орын – Б.Мырзабекова мен Н.Асқарұлы (Маңғыстау облысы);
«Дартс» ойыны бойынша ІІ орын – Ақмолдиев Азамат (Маңғыстау облысы);
«Футбол» ойыны бойынша ІІ орын – Маңғыстау облысының командасы;
«Асық ату» ойыны бойынша І орын – Асқарұлы Нұрғиса (Маңғыстау облысы).