Жалпы білім беру ұйымдарының педагог отбасылары арасындағы «Туризм – салауатты өмір салты» облыстық жарысы.
Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Отбасы күніне» орай 14 қыркүйек күні ата-аналар мен балаларды туризм саласы арқылы қоршаған ортамен байланыстыру, салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілікті арттыру және спорттық қабілеттерін дамыту мақсатында педагог отбасылар арасында «Туризм – салауатты өмір салты» облыстық жарысы өткізілді.
Жарысқа жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен педагог ата – аналарынан құралған 5 топ қатысты.
Ережеге сәйкес қатысушылар «Таныстыру», «Өнерлі отбасы», «Ғажайып саяхат», «Туризм және біз», «Бірлігіміз жарасқан» «Велотриал», «Жасанды жартас», кезеңдерінен сайысқа түсті.
Қазылар алқасының шешімімен қатысушылар төмендегідей марапаттарға ҰСЫНЫЛДЫ:
l орын – Маңғыстау ауданы, М.Атымов атындағы №6 жалпы білім беретін мектебінің «Creative bee» тобы ;
ІІ орын – Ақтау қаласы №29 жалпы білім беретін мектебінің «Жалын»тобы;
ІІ орын – Қарақия ауданы №4 жалпы білім беретін мектебінің «Бесшоқы» тобы;
ІІІ орын – Түпқараған ауданы, Шахта жалпы білім беретін мектебінің «Болашақ» тобы;
ІІІ орын – Мұнайлы ауданы, №4 жалпы білім беретін мектебінің «Самға» тобы.