Алматы қаласына 3 күндік танымдық экскурсиясы
Білім басқармасының 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 12-16 жас аралығындағы білім алушылардың Алматы қаласының тарихи-мәдени нысандарына 13-21 тамыз күндері аралығында танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Әлеуметтік қолдауға жататын отбасылардың балалары мен туристік-өлкетану және экология бағытындағы облыстық шаралардың жеңімпаздары – 30 оқушы Д. Қонаев, Ә. Қастеев және орталық мемлекеттік музейлеріне барып, «Көк-Төбе», «Шымбұлақ» демалыс орындарында, «Медеу» мұз айдыны, «Динопарк», «Дельфинария», «Аквапарк», «Мир фантазий» аттракциондар саябақтарында демалды.