Skip to content

Білім басқармасының 2023 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім алушылардың жазғы…

Білім басқармасының 2023 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім алушылардың жазғы демалысын тиімді, сапалы ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 10-22 шілде күндері Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласының теңіз жағалауында 3 күндік шатырлы лагері 4 ауысыммен ұйымдастырылады.
Туристік лагерьдің бірінші ауысымында (10-12 шілде күндері) Маңғыстау және Түпқараған ауданының 90 баласы демалды.
Лагерь бағдарламасына сәйкес, демалушылар Форт Шевченко қаласының тарихи-мәдени нысандарына, музейлерге және Ақеспе шатқалына танымдық экскурсия жасады. Демалушылар лагерьдің үшінші күнін Ақтау қаласындағы «Tree of life» демалыс базасында өткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *