Skip to content

«Тоғыз айға 9 іс-шара» аясындағы білім беру ұйымдары арасындағы «Жасыл…

«Тоғыз айға 9 іс-шара» аясындағы білім беру ұйымдары арасындағы «Жасыл мекен» челленджі
 
«Жасыл мекен» челленджі көктемде көшет отырғызу арқылы қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды дәріптеумен қатар, еңбекқорлыққа баулу, айналаны көгалдандыруға, абаттандыруға бастама болып табылады.
«Жасыл мекен» челленджі білім алушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге,  адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған.
Мақсаты: білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу.
Міндеттері:
✓ білім алушылардың қоршаған ортаға қамқорлық сезімін ояту
✓ білім алушылардың табиғатқа ұқыптылықпен қарауға баулу
✓ еңбекке деген құрмет сезімін ояту
Өткізілетін күні: 13.05.2023 ж.
Уақыты: 12:00 сағ. (Астана уақытымен)
Үйлестірушілер: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Ұйымдастырушылар: жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары
«Жасыл мекен» челленджі білім алушылардың қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды, адал еңбекті бағалауды дәріптейді.
«Жасыл мекен» челленджі білім беру ұйымдарына қарасты барлық аймақтарда бір мезгілде жүзеге асырылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *