Skip to content

ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ ҮЗДІК ЭКОБАСТАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА 10 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЛАДЫ…

ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ ҮЗДІК ЭКОБАСТАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА 10 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЛАДЫ
Қазақстанда «Тұрақты жол» ұлттық әлеуметтік эконауқаны басталды. 2023 жылы аталмыш бағдарлама өзінің ерекше және жаңа белгілерімен өткізілмек.
«Тұрақты жол» – бұл өскелең ұрпаққа мәдени, адамгершілік және экологиялық құндылықтарды сіңіру арқылы олардың туған жерге ұқыптылықпен қарауға, тәрбиелеуге бағытталған маңызды бастама. Бұл бағдарлама бұған дейін сәтті жүзеге асырылған үш экологиялық жобаның жалғасы болып табылады.
Басты оқиға экология саласындағы инновациялық идеялар мен стартаптардың экофестивалі болмақ. Жобаға қатысуға 16 мен 35 жас аралығындағы жас экобелсенділер шақырылады, өтінімдер 2023 жылдың 20 маусымына дейін қабылданады. Іріктеп алынған және онлайн дайындықтан өткен 10 үздік команда ағымдағы жылдың тамыз айында Алматыда жиналып, бәсекеге қабілетті идеяларды жүзеге асыруға жұмсалатын 10 миллион теңгелік жүлде қорын сарапқа салады. Жеңімпаздарға бірінші орынға – 5 миллион теңге, екінші орынға – 3 миллион теңге, үшінші орынға – 2 миллион теңге беріледі. «Turaqty Jol» инновациялық идеялар мен стартаптар экофестивалінің ережелерімен осында танысып, тіркеле аласыз.
Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында осы бағдарлама аясында 23 сәуірде Халықаралық Жер күніне орайластырылған Алатау өңірінде 100 түп көшет көлемінде алғашқы ағаш отырғызу акциясы өтті. Іс-шара отбасылық сипатқа ие болды, онда балалар ата-аналарымен бірге қаланы көгалдандыруға өз үлестерін қосты.
(ВИДЕО – сембілік https://youtu.be/xnvTOlt0L_g )
Келесі 4 маусымда ЮНЕСКО биосфералық резерваты – Іле-Алатау ұлттық саябағында жаһандық сенбілік өтеді, оған туған жерін таза еткісі келетін жүздеген жанашыр жастарды жұмылдыру қарастырылуда.
Сонымен қатар, "Тұрақты жол" эконауқаны аясында 2023 жылдың күзінде еліміздегі өскелең ұрпақтың шығармашылық дағдыларын ашу мақсатымен көркемсурет байқауы, ал ісін жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге өз кәсіптеріне ESG компоненттерін енгізу арқылы орнықты дамуға қол жеткізуге бағытталған дөңгелек үстел ұйымдастырылатын болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *