Орталықтың 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Белсенді туристік саяхат түрлерін тиімді ұйымдастыру» тақырыбында ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін мектебінің білім алушыларына туристік-өлкетану бағытында әдістемелік көмек көрсетілді. Туризм-өлкетану бөлімінің нұсқаушы-әдіскері Тегісбай Мұстафа әдістемелік көмек барысында оқушыларға туризмнің әліпбиі және саяхаттарда қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
