Skip to content

«Үздік бағдарлама – 2022» байқауына қатысқан педагогтар арасындағы облыстық дөңгелек…

«Үздік бағдарлама – 2022» байқауына қатысқан педагогтар арасындағы
облыстық дөңгелек үстел

«Туризм», «Өлкетану» және «Экология» үйірмелерінің жетекшілері арасында өткен «Үздік бағдарлама-2022» байқауына қатысушылардың заманауи педагогикалық тәжірибелерін жинақтау, білім беру ұйымдарына ұсыну мақсатында ағымдағы жылдың 24 қаңтар күні дөңгелек үстел өткізілді. Шараға аудан, қалалардан 16 мұғалім қатысты.
Дөңгелек үстелде Ақтау қаласы, №13 мектеп гимназиясының «Экология» үйірмесінің жетекшісі Б.Мырзабекова экология бағытында «Ұрпаққа аманат» жобасын, Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің «Гүл өсіру» үйірмесінің жетекшісі У.Генжегулова «Гидропоника» өсімдікті суда өсіру тәсілін, Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының «Туризм» үйірме жетекшісі Н.Досекеннің «Жаяу жорық» және «Шежіре» тақырыптарындағы бағдарламаларын, Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің география пәні мұғалімі Н.Кадирхановтың өлкетану сабағына ұсынған әдіс-тәсілдер жинақтары бойынша пікір алмасылды.
Орталық қызметкерлері мұғалімдерге жаңа оқу жылына дейін аталған жұмыстарды өңдеуге, бірлескен бағдарламалар жасауға әдістемелек кеңес берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *