«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» Ұлттық конкурсының облыстық кезеңі
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының 08.12.2022ж. № 2543 және Маңғыстау облысының білім басқармасының 08.12.2022ж. 196 нқ бұйрығын негізге ала отырып, Маңғыстау туризм колледжінің базасында Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары арасында эко – бағдарланған қызмет және орнықты даму туралы түсінікті қалыптастыру , азаматтардың экологиялық қауіпсіздігі жағдайын жақсарту және экологиялық білімін қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық жұмысты ұйымдастыру мақсатында 2022 жылдың 9 желтоқсан күні «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» Ұлттық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Конкурсқа Маңғыстау облысының экология департаментінің, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Eco WasteAktau» ЖШС компаниясының өкілдері қатысты.
Облыстық білім беру ұйымдарынан қатысушы 4 білім беру ұйымы ережеге сәйкес «Жасыл Қазақстан: экологиялық ағарту және ақпараттандыру», «Жасыл Қазақстан: Қазақстанның үздік экологиялық жобасы» номинациялары бойынша білімдік, танымдық жұмыстарын қоршаған ортаны қорғау, экология саласында жүргізілген ғылыми зерттеу және жоба жұмыстарын; экологиялық білім беру бағытында өткізілген қосымша сабақтарын, экологиялық қауымдастықтың өкілдерімен жүргізілген жұмыстарын есептік фото және бейне материалдар мен презентациялар арқылы таныстырды.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша:
«Жасыл Қазақстан: Қазақстанның үздік экологиялық жобасы» номинациясы бойынша – Қарақия ауданы, «Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы»;
«Жасыл Қазақстан: экологиялық ағарту және ақпараттандыру» номинациясы бойынша – Мұнайлы ауданы «№10 жалпы білім беретін мектебі»
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық конкурсының республикалық кезеңіне жолдама алды.
#Балажылы2022
#Экологиялықбиологиялықбағыты