Skip to content

Ашық далалық «Жас геолог» облыстық жарысы Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына…

Ашық далалық «Жас геолог» облыстық жарысы

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2022 жылдың 3-4 қараша күндері «Балдаурен» демалыс базасында оқушыларға туған өлкенің табиғаты мен минералдық қазба байлықтарын таныту, географиялық және геологиялық білім-танымдарын және зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру мақсатында ашық далалық «Жас геолог» облыстық жарысы өткізілді.
Облыстық жарысқа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан 48 білім алушы қатысты.
Ережеге сәйкес қатысушылар жарыстың бірінші күні «Іздеу зерттеу жұмыстары» және «Зерттеу жұмыстарының көрмесі» номинацияларында Маңғыстау өлкесінің тарихи-мәдени нысандарына зерттеу жұмыстарын жүргізіп, табылған материалдар мен бұйымдардың көрмесімен таныстырды. Сонымен қатар, «Минералогия», «Геоэрудит» номинацияларында геологиялық, географиялық сұрақтарға жауап бере отырып, экрандағы ұяшықтарға жасырылған минералдарды тауып, толық сипаттады. «Палеонтология», «Геоәліппе» номинацияларында палеонтологиялық терминдердің анықтамасын келтіріп, Қазақстанның география, геология саласында ерекше із қалдырған ғалымдар туралы сұрақтарға жауап берді.
Жарыстың екінші күні практикалық бағытта ұйымдастырылып, «Далалық тұрақ» номинациясында туристік шатырларды жылдам әрі дұрыс құру, сондай-ақ, алау жағу және оның ерекшеліктері мен айырмашылықтары көрсетілді. «Қауіпсіздік техникасының негіздері» номинациясында оқыс жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмек дағдыларын орындап, түрлі ситуациялық сұрақтарға жауап берді. «Гидрология» номинациясында жасанды су каналының тереңдігін, енін, ағысын, су шығынын өлшеу құралының көмегімен есептеу арқылы гидрологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Қатысушылардың теориялық және практикалық білімдері зерделеніп, нәтижесінде:
I орынды – Ақтау қаласы, мамандандырылған IT лицейінің «Uranium» тобы;
II орынды – Бейнеу ауданы, М. Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Сапфир» тобы және Маңғыстау ауданы, М. Атымов, Е. Айшуақұлы, Шетпе гимназиясы мектептерінен құралған «Биіктік» тобы;
III орынды – Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің «Geolife» тобы мен Жаңаөзен қаласы, № 15 жалпы білім беретін мектебінің «Өнере» тобы иеленді.
⬇️⬇️⬇️

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *