Skip to content

«Әлем глобусы!» облыстық экологиялық – зияткерлік байқауы Өскелең ұрпақтың назарын…

«Әлем глобусы!» облыстық экологиялық – зияткерлік байқауы

Өскелең ұрпақтың назарын экологиялық өзекті мәселелерге аудару, саналы мінез-құлықты дәріптеу, балалар мен жасөспірімдердің табиғатты тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыру, зияткерлік қабілетін дамыту және насихаттау мақсатында 2022 жылдың 21 қазан күні білім басқармасының №165 нқ бұйрығына сәйкес «Әлем глобусы!» облыстық экологиялық-зияткерлік байқауы Маңғыстау туризм колледжі базасында өткізілді. Облыстық байқауға жалпы білім беру ұйымдарының 14-16 жас аралығындағы білім алушылары қатысты. Аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпаз топтары және Білім басқармасына бағынысты Білім-инновация лицейі білім беру ұйымынан (БИЛ, ЖБИЛ), барлығы 9 топ, 27 оқушы қатысты.
«Әлем глобусы!» облыстық экологиялық-зияткерлік байқауына қатысушылар «Әлемнің тынысы», «Адам және әлем», «Табиғат жанашыры» атты 3 турда бақ сынасты.
Оқушылар «Әлемнің тынысы» турында 30 сұрақтан тұратын тест тапсырды. Тест жұмысында Бейнеу ауданы, «Жасыл ел» тобы мен Түпқараған ауданы, «Каспий» тобы, Ақтау қаласы, «Эко-13» тобы жоғары ұпай жинады.
«Адам және әлем» зияткерлік турында Бейнеу ауданы, «Жасыл ел» тобы және Түпқараған ауданы, «Каспий тобы» оқушылары экрандағы ұяшыққа жасырылған сұрақтарға жауап берді. Мұнайлы ауданы, «Жас географ» тобы да белсенді қатысты.
«Табиғат жанашыры» турында квест тапсырмаларын орындау барысында Ақтау қаласы, «Эко 13» тобы мен Маңғыстау ауданы, «Табиғат сенің өз үйің» тобы жоғары ұпай иеленді.
Жекелеген жетістіктері үшін Ақтау Білім-инновация лицейі, Жаңаөзен Білім-инновация лицейі, Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданы топтары Орталықтың алғыс хатына ал Білім басқармаысының дипломымен I орын – Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейі, «Жасыл ел» тобы, II орын – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп – гимназиясы «Каспий» тобы мен Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейі, «Жас географ» тобы, III орын – Ақтау қаласы, №13 гимназия, «Эко-13» тобы мен Маңғыстау ауданы, А. Меңдалыұлы жалпы білім беретін мектебі, «Табиғат сенің өз үйің» топтары марапатталды.
#Балажылы2022
#Экологиялықбиологиялықбағыты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *