«Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» республикалық
байқауының облыстық кезеңі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 23.06.2022ж. №15-6/1590-И хатына сәйкес, Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау аясында 2022 жылдың 14 қазан күні оқушылардың өз тарихи шежірелерін зерттей отырып білуге және сақтауға тәрбиелеу, оқушылардың ата – аналарымен рулық тарихын зерттеу арқылы, ұрпақ арасындағы қақтығыстарды жеңуге, отбасында да, әлеуметтік қоғамда да өзара түсіністікке қол жеткізуге ықпал ету мақсатында жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары арасында «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Аудандық/қалалық білім бөлімдерінен аталған шараға 7 жұмыс ұсынылды.
Әр оқушы «Менің ата – бабаларым – менің батырларым», «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы», «Шығармашылық презентация» номинациялары бойынша ізденушілік жұмыстарын қорғады.
Қазылар алқасы қатысушыларды төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
І орын – Ислам Есет Мұхаммеджанұлы Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
ІІ орын – Балғабай Досбол Маратұлы Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы;
ІІ орын – Аманқос Алина Дінмұханбетқызы Қарақия ауданы, Құланды жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы;
ІІІ орын – Байдешева Арайлым Дәуренқызы Ақтау қаласы, №11 лицейінің 10 сынып оқушысы;
ІІІ орын – Қаракесов Айбек Жұмабекұлы Бейнеу ауданы, Қарақұм жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы.
Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз, республикалық кезеңге қатысатын жеңімпазымызға сәттілік тілейміз!
#Балажылы2022
#Ақпараттықталдаубағыты