Skip to content

«Түркі әлемінің астанасы – Түркістан» танымдық саяхаты «Балалар жылын» өткізудегі…

«Түркі әлемінің астанасы – Түркістан»
танымдық саяхаты

«Балалар жылын» өткізудегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда білім алушыларды өзге өңірлердің тарихи – мәдени ескерткіштерімен, көрікті жерлерімен, тарихымен таныстыру мақсатында, 11-17 тамыз аралығында аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен дарынды оқушыларға арналған Түркістан қаласына 3 күндік танымдық саяхаты ұйымдастырылды.
Саяхатқа 13-16 жас аралығындағы 40 бала қамтылды. Балалар бағдарлама бойынша «Қылует» жер асты мешітін, «Күлтөбе» ескерткішін, «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесін, «Ұлы Дала елі» орталығын, «Тұңғыш Президент саябағын», «Түркістан тарихи музейлерін» аралады. Сонымен қатар, «Керуен сарай» туристік кешенінде орналасқан «Алтын Самұрық» театр әлеміне, отбасылық сауықтыру орталығына саяхаттап, ерекше әсер алды.
Қазіргі таңда археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатырған Отырар қаласының, Арыстанбаб кесенесінің тарихымен танысты.
Танымдық саяхат одан әрі Шымкент қаласындағы «Тарихи-өлкетану музейінде», «А.Асқаров атындағы дендросаябағында», «Шымкент мемлекеттік зообағында» жалғасын тапты.
Үш күнге ұйымдастырылған саяхат барысында білім алушылар ежелгі Түркістан қаласынан алған әсерлерімен бөлісіп, керемет көңіл-күйде оралды.

#Балажылы2022
#туристікөлкетанубағыты
#экскурсия

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *