«Елім менің – Қазақстан»: тарихи – мәдени нысандарға саяхат
«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» каникул кезеңінде балалардың сауықтырылу демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасы аясында 1 – 5 маусым аралығындағы «Елім менің – Қазақстан» тақырыптық блогы бойынша «Қаратау қазыналары» және «Отпан таудың сөнбес оттары» тарихи – мәдени орындарына саяхат ұйымдастырылды. Саяхатқа облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының 15 тәрбиеленушісі қатысты. Танымдық саяхат барысында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының мамандары аталған бағыттар бойынша гид – экскурсоводтық қызмет көрсетті. Оқушылар ұйымдастырылған экскурсияға дәл риза болып, жақсы демалып қайтты.
#Балажылы2022
#Туризмөлкетанубағыты