Нұр-Сұлтан қаласына экскурсия
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Президент әкімшілігінің бастамасымен республиканың әр өңірінен келген 34 білім алушыға елордасы Нұр-Сұлтан қаласына экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шаралар легі көп балалы отбасылардың балалары, балалар ауылының тәрбиеленушілері, оқу озаттары, зияткерлік және шығармашылық байқаулардың жүлдегерлерін Ақорда резиденциясына экскурсия өткізуден бастау алып, марапаттау рәсімімен ұласты. Мұндағы мақсат – өскелең ұрпаққа аса маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдайтын еліміздің негізгі ғимаратымен және Президенттің жұмыс орнымен таныстыру. Балалар Ақорда резиденциясының <Салтанат>, <Мәрмәр>, <Шығыс> залдарын тамашалап, соңында Президент атынан бағалы сыйлықтармен табысталды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейін, Әл-Фараби атындағы шығармашылық үйін, <Бәйтерек> монументін, <Айланд> океанариумын аралап, мерекенің әсерлі өткендігі байқалып, бал-бұл жайнаған жүздері қуанышқа толды.
#Балажылы2022
#Туризмөлкетанубағыты