Skip to content

«Ағаштарға өмір сыйлаймыз» облыстық экологиялық акция-байқауы «Балалар жылы» аясында 6…

«Ағаштарға өмір сыйлаймыз» облыстық экологиялық акция-байқауы

«Балалар жылы» аясында 6 мамыр күні жалпы білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Ағаштарға өмір сыйлаймыз» облыстық экологиялық акция-байқауы қашықтықтан өткізілді. Акция-байқаудың облыстық кезеңіне 248 оқушы қатысты, оның ішінде аудандық, қалалық кезеңіне 208 оқушы (Ақтау – 46, Жаңаөзен – 23, Бейнеу – 18, Қарақия – 14, Маңғыстау – 34, Мұнайлы – 40, Түпқараған – 33) қамтылды.
Акция-байқаудың мақсаты: білім алушылар арасында табиғат байлықтарын аялай білетін экологиялық мәдениеті мен білімі жоғары тұлғаны тәрбиелей отырып, қоршаған ортаны қорғау құндылықтарын белсенді насихаттау.
Ережеге сәйкес, «Жасыл қала», «Жасыл желек», «Сиқырлы пейзаж» номинациялары бойынша тұрғылықты мекенді көркейтуге бағытталған экологиялық акция жұмыстардың бейнематериалдары, зерттеу жобалары және табиғаттың тылсым күші бейнеленген суреттері ұсынылды.
Акция-байқаудың қорытындысы бойынша:
«Жасыл қала» номинациясында:
ІI орын – Жаңаөзен қаласы, №10 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушылары Сағынтай Диасқа, Орахмухан Жанеркеге, Мейрамбай Ақылбекке;
ІII орын – Бейнеу ауданы, Сам жалпы білім беретін мектебінің 8, 10 сынып оқушылары Айтбаева Арайлымға, Таңатарова Фаридаға, Қалдыбаева Айданаға және Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейінің 8 сынып оқушылары Байрамкулы Каусарға, Қолдасын Исламбекке, Эзим Самалға.
«Жасыл желек» номинациясында:
І орын – Бейнеу ауданы, Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9, 10 сынып оқушылары Абишева Дильназға, Сауелова Ақботаға;
ІI орын – Ақтау қаласы, №13 гимназиясының 9 сынып оқушысы Адайхан Дильназға, Қарақия ауданы, №7 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушылары Қыдырбай Ермағамбетке, Кульчикова Ақботаға;
ІII орын –Түпқараған ауданы, Ғ. Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушылары Қайырбай Дильназға, Өтегенқызы Қызғалдаққа.
«Сиқырлы пейзаж» номинациясында:
І орын – Қарақия ауданы, Жалпы білім беретін Қарақұдық мектебінің 10 сынып оқушысы Рзабек Гүлназға;
⬇️⬇️⬇️

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *