Skip to content

«Ұлы Жібек жолы Маңғыстауда» облыстық байқауы «Балалар жылы» аясында, 05…

«Ұлы Жібек жолы Маңғыстауда» облыстық байқауы

«Балалар жылы» аясында, 05 мамыр күні Маңғыстау туризм колледжінде өскелең ұрпақта азаматтылық пен Отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын зерттеуге тарту, туристік-өлкетану қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, білім алушылар арасында «Ұлы Жібек жолы Маңғыстауда» облыстық байқауы қашықтықтан өткізілді.
Байқауға 12-17 жас аралығындағы 42 білім алушы қатысты.
Байқау бағдарламасына сәйкес қатысушылар «Маңғыстау бойынша үздік туристік бағдар» бойынша іздеу-зерттеу жобаларын, жорық карталарын, саяхат бағдарларын, маршруттық парақтарын, күнделіктерін ұсынса, «Ұлы Жібек жолы жүріп өткен аумаққа үздік экскурсиялық бағдар» кезеңінде Қазақстан аумағында орналасқан қалаларға «3D SketchUp», «Blender», «Tinkercad.com» бағдарламаларын қолдана отырып, виртуалды турлар өткізді.
«Үздік туристік өлкетану жорығы» номинациясында аймақтың флорасы мен фаунасын картаға түсіру, археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы 3 күндік жорықтар ұйымдастырып, барлығы 3 номинация бойынша 14 жұмыс қаралып, зерделенді.
Қазылар алқасының шешімімен:
🏕🌵🐫 1. «Маңғыстау бойынша үздік туристік бағдар» номинациясы бойынша:
🥈 ІІ орын – Түпқараған ауданы, З.Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Космос» және Маңғыстау ауданы, Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Достық» топтарына;
🥉 ІІІ орын – Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының «Nomad» тобына.
🐫♻️🐫 2. «Ұлы Жібек жолы жүріп өткен аумаққа үздік экскурсиялық бағдар» номинациясы бойынша:
🥈 ІІ орын – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің «Айрақты» тобына;
🥉 ІІІ орын – Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының «Nomad» тобына.
🧗‍♂️🎪👷‍♂️ 3. «Үздік туристік өлкетану жорығы» номинациясы бойынша:
🥈 ІІ орын – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің «Айрақты» және Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясының «Биіктік» топтарына;
🥉ІІІ орын – Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының «Nomad» және Жаңаөзен қаласы, №18 жалпы білім беретін мектебінің «Азимут» топтарына берілді.
#Балажылы2022
#Туризмөлкетанубағыты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *