Skip to content

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының…

«Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңі

«Балалар жылы» аясында 28-29 сәуір күндері жалпы білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының облыстық кезеңі өткізілді. Форум «Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының» базасында ұйымдастырылды. Облыстық кезеңге 70 оқушы қатысты.
Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында «Zhasyl El», «Экотеатр», «GREEN OASES», «Eko bolashak», «Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы», «Туған өлкенің бояулары» номинациялары бойынша инновациялық «жасыл» зерттеу жобалары, білім беру ұйымдарын көркейтуге бағытталған ландшафттық жобалары, экологиялық шағын спектакльдер және Қазақстанның флора мен фаунасының 3D макеттері ұсынылды.
Форум барысында табиғат зерттеушілеріне психологиялық тренингтер, спорттық ойындар ұйымдастырылып, мектеп-интернат базасына 30 түп көшет отырғызылды.
Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, туристік қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Rixos Water World Aktau» қонақ үйінің қолдау көрсетуімен «Tetysblu» тематикалық паркіне экскурсия өткізілді. Балалар «Aktau Blu», «Blu Jumper», «Rockin Blu» сынды аттракциондарда көңілдерін көтеріп, ұйымдастырушыларға дән риза болды.
Форум қорытындысы бойынша:
♻️♻️♻️«Қазақстанның флорасы мен фаунасының 3D атласы» номинациясында:
🥇І орын – Мұнайлы ауданы, №6 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Еламан Әбілге;
🥈ІI орын – Маңғыстау ауданы, М. Атымов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Уалихан Шоқанға және Түпқараған ауданы, М. Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Каримқызы Көркемге;
🥉ІII орын – Жаңаөзен қаласы, №21 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Амангелді Назгүлге және Ақтау қаласы, №27 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Қалдыбай Аидаға.⬇️⬇️⬇️

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *