Халықаралық эко-білім күніне арналған мұғалімдердің облыстық «Үздік экосағат» байқауының баспасөз-релизі және ережесі
Өтетін уақыты: 2022 жылы 3 наурыз, сағат:10.00 – де.
Өтетін орны: Ақтау қаласы, Ф. Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беру мектебі.
Мақсаты: Жалпы білім беру ұйымдарының экология бағытындағы үйірме жетекшілері мен биология пәні мұғалімдерінің экологиялық шығармашылық деңгейін арттыру және өзара тәжірибе алмасу барысындағы үздік мұғалімдерді анықтау.
Қатысушылар: Байқауға облыстың жалпы білім беру ұйымдарының экология бағытындағы үйірме жетекшілері мен биология пәні мұғалімдері қатысады (7 мұғалім).
СПИКЕРЛЕР (қызметі, байланыс телефондары): Темірланова Аяжан Темірланқызы, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы директорының міндетін атқарушы 8(778)-955-29-95.
ІС-ШАРА НӘТИЖЕСІ: Экологиялық білім берумен айналысатын мұғалімдердің озық тәжірибелерін тарату, үздік мұғалімдерді ынталандыру. Білім беруде жаңа иновациялық технологияларды кеңінен пайдалану.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР, БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ: Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының экологиялық – биологиялық бөлімі, байланыс телефоны 8(7292)60-54-00, 8778-955-29-95 ocdt-2017@mail.ru.