Жалпы білім беретін ұйымдардың білім алушыларының «Маңғыстау Тәуелсіздік жылдарында: Маңғыстаунама – 2021»
облыстық танымдық байқауы
Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, 09 желтоқсан күні Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебі базасында білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Маңғыстау Тәуелсіздік жылдарында: Маңғыстаунама – 2021» облыстық танымдық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: білім алушыларға өлкеміздің Тәуелсіздік алған жылдардағы қол жеткізген жетістіктері мен тарихи тұлғаларын таныту.
Байқауға облыстың жалпы білім беру ұйымдарынан 60 білім алушы қатысты.
Қатысушылар ережеге сәйкес, «Мен таныған тұлға» номинациясында 30 жыл ішінде есейген, мектебінің мақтанышы болған, облыс, республика көлемінде белгілі тұлғалар бойынша эссе жазса, «Маңғыстауым – мекенім» номинациясында өлке туралы әндер орындалды. «Кел біздің ауылға!» эстафетасында өз елді – мекенінің Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері, кәсіптері, проблемалары, оның шешілу жолдары, салынған ескерткіштер мен мәдени орындардың ашылуы, білімі, денсаулық саласындағы өзгерістер мен өткізілген атаулы шаралары, кәсіпкерлер мен басшылар туралы сандық және суреттерден құралған қызықты альбом жасақтап, тың мәліметтер келтіріп, сұрақтарға жауап берді.
Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
📝«Мен таныған тұлға» эссе жазу номинациясы бойынша:
🥇І орын – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Шүкірбай Аружан;
🥈ІІ орын – Маңғыстау ауданы, Т.Жалғасбайұлы атындағы жалпы білім беретін Шайыр мектебінің 9 сынып оқушысы Кәдір Толғанай және
Жаңаөзен қаласы, №13 «Дарын» мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Жолдыбай Ақниет;
🥉ІІІ орын – Қарақия ауданы, №8 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Ержан Шұғыла және Жаңаөзен «Білім – инновация лицейінің» 10 сынып оқушысы Елеусіз Манас;
🏅ІV орын – Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Базарова Рысты және Ақтау қаласы, №21 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Досаева Аружан.
⬇️⬇️⬇️