Skip to content

Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы «Жас өлкетанушылар» облыстық туристік…

Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы «Жас өлкетанушылар» облыстық туристік слеті

⛺🗺Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, 28-29 қазан күндері Түпқараған ауданы, жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп-интернаты мен аудандық саябақта білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында облыстық «Жас өлкетанушылар» туристік слеті өткізілді.
✅Мақсаты – жастардың туристік-спорттық дайындығын дамыту және туристік көпсайысты насихаттау.
✅Слетке білім беру ұйымдарының 15-18 жастағы білім алушыларынан құралған 10 топ қатысты.
✅Ережеге сәйкес қатысушылар слеттің бірінші күні «Көңілді туристер» таныстырылымы мен «Тапқыр гид» номинациясы бойынша өлкенің тарихи-мәдени, ерекше қорғалатын табиғи аймақтарына виртуалды экскурсия жасаса, «Шынықсаң шымыр боларсың» эстафеталық кезеңінде кедергілерден өту арқылы бақтарын сынады.
✅Екінші күні әр топтың 4 қатысушысы «Біріктірілген туризм» туристік маршрутында «Аспалы өткел», «Параллель сүйеніштер», «Гусиный шаг», «Алау», «Траверс», «Бурелом», «Маятник» кезеңдерінен өтті.
⛺Қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін бағалап, төмендегідей марапаттарға ҰСЫНДЫ:
🏆​І орын – Ақтау қаласы, Маңғыстау туризм колледжінің «Каспий жастары» тобы;
🥈​ІІ орын – Түпқараған ауданы, М.Горький атындағы мектеп-лицейінің «Көкбөрі» және Маңғыстау ауданы, Б.Жұмалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Бозжыра» топтары;
🥉​ІІІ орын – Қарақия ауданы, жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының «Тау қырандары» және Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының «Альтаир» топтары;
▶️​​ІV орын – Ақтау қаласы, №13 гимназиясының «Бозжыра» және Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектебінің «Барыс» топтары.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *